ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесіне қатысушылар Астанаға келді

Фото: Фото: Қорғаныс министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс министрлерінің кеңесі өз жұмысын бастайды.Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығы шеңберінде өткізілетін іс-шараға Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан қорғаныс ведомстволарының басшылары қатысады. 

Фото: Қорғаныс министрлігі

Сонымен қатар, отырысқа Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы, ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылымы Атқарушы комитетінің директоры және Беларусь Қорғаныс министрі шақырылған.

Фото: Қорғаныс министрлігі
Фото: Қорғаныс министрлігі
Фото: Қорғаныс министрлігі
Фото: Қорғаныс министрлігі
Фото: Қорғаныс министрлігі