ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер қауіпсіз ауыз су көздеріне, қарапайым санитарлық қызметтерге және салауатты гигиенаға қолжетімділіктің жоқтығы қазіргі заманның күрделі мәселесі екенін мойындайды. Осыған байланысты Шанхай ұйымы су ресурстарын тұрақты дамыту мен ұтымды пайдалануға көбірек көңіл бөлу қажеттігін атап өтеді.
Қазақстан ШЫҰ төрағасы ретінде осы мәселе бойынша белсенді диалогты, қаражат пен ресурстарды оңтайлы және тиімді пайдалану бойынша бірлескен шараларды әзірлеуді, озық тәжірибе алмасуды және халықты ауыз судың сапасы мен санитария қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кеңінен тартуды қолдайды.
Осыған байланысты қазақстандық тарап ШЫҰ-да ауыз судың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тақырыбы бойынша аталған саладағы өзара қолайлы шаралар мен шешімдерді әзірлеу үшін келіссөздер процесін бастады.