Астанада «ШЫҰ+» кездесуі аяқталды
АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Астана саммитін жабық деп жариялады.
«Біз Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы туының астында әрі қарай даму, өзара іс қимыл турасында мұқият пікір алмастық. Сіздер ұсынған ауқымды бастамалар ШЫҰ кеңістігінде және оның сыртында мығым бейбітшілік пен көпжақты ынтымақтастықты, орнықты ілгерілеуді қамтамасыз етуге септігін тигізетініне сенімдімін», - деді Президент.
Мемлекет басшысы саммит аясында сындарлы сұхбат жүргенін атап өтті.
«Сіздерге сындарлы сұхбат үшін шын жүректен алғыс айтамын. Түйіндей келе, Қытай Халық Республикасының аса құрметті төрағасы Си Цзиньпинге алдағы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының төрағалық қызметінде табыс тілегім келеді», - деген Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ Астана саммитін жабық деп жариялады.