ШЫҰ саммиті аясында екі маңызды құжат әзірлеу жоспарланған - Қытай сыртқы істер министрі

Фото: Фото: Руслан Сүлейменов / Kazinform

АСТАНА.KAZINFORM - Қытай Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) кезекті төрағасы ретінде 100-ден астам іс-шара өткізеді. Бұл туралы бүгін «екі ссессия» аясында өткен брифингте ҚХР Сыртқы істер министрлігінің басшысы Ван И айтты, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Биыл күзде Қытай Тяньцзинь қаласында ШЫҰ саммитін өткізеді, онда ШЫҰ елдерінің басшылары теңіз жағасында сәтті тәжірибелерді қорытындылау, даму жоспарын белгілеу және ынтымақтастық бойынша консенсусты әзірлеу үшін бас қосады, - деді ҚХР Сыртқы істер министрі.

Оның айтуынша, Қытай ШЫҰ төрағасы ретінде саясат, қауіпсіздік, экономика және гуманитарлық салаларға арналған 100-ден астам кездесулер мен іс-шаралар өткізеді.

Қытайдың Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына төрағалығының басты тақырыбы – «ШЫҰ-ның тұрақты даму жылы». Оның барысында екі маңызды құжат әзірлеу жоспарланған: Саммит Декларациясы мен ШЫҰ-ның келесі кезеңге арналған даму стратегиясы.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы – 2001 жылы маусымда Шанхайда Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан құрған аймақтық ұйым. Бүгінгі таңда ШЫҰ-ға 10 мүше мемлекет, екі бақылаушы мемлекет және 14 диалогтық серіктестер кіреді.

Бұған дейін Қытайдың ШЫҰ-ға төрағалығы кезінде қандай шаралар өтетіні туралы хабарланған болатын.