Шивелуч жанартауынан атқылаған күлдің биіктігі 4 шақырымға жетті

АСТАНА. 1 қараша. ҚазАқпарат - Жанартаудың биіктігі теңіз деңгейінен жоғары 4 шақырымды құрады, деп хабарлады ТЖМ аймақтық басқармасының баспасөз қызметінен.

Күл бұлттары Камчатка шығанағына қарай оңтүстік-шығысқа қарай жайылды. ТЖМ мәліметтері бойынша, жақын орналасқан елді мекендерде күлдің ауаға жайылуы тіркелмеген.

Құтқарушылар туристік ұйымдарға саяхаттаушы топтарды жанартауға жақын орналасқан бағыттарға апармауға кеңес береді.

Шивелуч - Камчатканың солтүстігіндегі ең күшті жанартаудың бірі. Ол Усть-Камчатский ауданының елді мекенінен 45 шақырым жерде ооналасқан. Онда шамамен 500 мың адам тұрады, деп хабарлайды Ресей жаңалықар қызметі.