— Авиацияда цифрландыруды енгізіп жатырмыз. Q-Gate жүйесі бақылаудан өту уақытын 3 минуттан 50 секундқа дейін қысқартады. Қазіргі уақытта Астана және Алматы аэропорттарында 16 терминал жұмыс істейді. Биыл Шымкент, Атырау, Ақтөбе және Ақтауда тағы 16 терминал орнату жоспарланды, — деді Нұрлан Сауранбаев.
Оның айтуынша, келесі кезеңде ішкі рейстерде биометрияны енгізу көзделген. Пилоттық жоба Астана–Шымкент бағыты бойынша іске асырылады.
— Жүк сегментінде e-Freight жүйесі енгізіліп жатыр. Бұл жүк өңдеу уақытын 1 күннен 1 сағатқа дейін қысқартуға және процестерді толық цифрландыруға мүмкіндік береді, — деді министр.
Бұған дейін қазақстандық әуе компанияларына Таяу Шығыстағы жағдай қалай әсер етіп жатқанын жазған едік.
2025 жылы қазақстандық әуе компаниялар 15 млн жолаушы тасымалдады. Биылғы алғашқы 4 айда жолаушылар саны 4 млн-нан асты.
Сонымен қатар министр үш жылда елдегі әуежайлардың инфрақұрылымын жаңарту ерекше бақылауда болатынын айтты.