Ішкі істер министрі жол сапасы туралы: Бір шұңқырдың кесірінен адам өліп жатыр

Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов елдегі жолдардың сапасыздығы көлік апаттарына жиі себепкер болып жатқанын айтты.

Министрдің сөзінше әсіресе елді мекен сыртындағы алыс жолдардың уақтылы әрі сапалы жөнделмеуі жол апаттарының санын арттырып отыр. 

«Шілдеде Қарағанды облысындағы Алматы-Екатеринбург трассасының жөнделіп жатқан учаскесінде 2 апта ішінде 3 жол-көлік оқиғасы болды. Онда тоғыз адам қаза тауып, 14 адам жарақат алды, Ақтөбе облысында бір шұңқырдың кесірінен 2 жол апаты болып, 4 адам зардап шегіп, 1 адам қаза тапты. Мұндаң фактілер әр аймақта бар», - деді министр.

Кеше «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізінде келе жатқан жүк көлігі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан учаскеге кіріп кетіп, аударылғанын жазғанбыз.