Семей қаласы Полиция басқармасының көші-қон қызметі бөліміне жеке сот орындаушысынан қаулы келіп түсті. Онда жазылғандай, 60 жастағы ер адам бизнес серіктесінен 3 500 000 теңге қарыз алып, қайтармай қойған.
«Борышкерге іздеу жариялағаннан кейін көші-қон қызметінің өкілдері 4 күн ішінде оның Алматы облысында тұрып жатқандығын анықтады. Енді қарызды өндіріп алумен сот орындаушылары айналысуда», - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Осы ретте, көші-қон қызметі атқару құжатын орындамағандарға ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік және ҚР ҚК-нің 139-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.