ШҚО әкімі аудандар мен басқармалардың жаңа басшыларын таныстырды
Еске сала кетейік, «А» корпусына тестілеу тапсырылғаннан кейін атқарушы билікте өзгерістер орын алды. Атап айтқанда, Семей қаласының бұрынғы орынбасары Дмитрий Гариков Курчатов қаласының
Бұған дейін ШҚО әкімінің орынбасары қызметін атқарған Айтқазы Шерубаевқа энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының тізгіні тапсырылды.
Ұлан ауданының бұрынғы әкімі Серік Төленбергенов Өскемен қалалық құрылыс бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалды. Ал Ұлан ауданын бұған дейін ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеттің аймақаралық департаментіне жетекшілік еткен Айдос Садықов басқаратын болды.
Бесқарай ауданының әкімі Қалихан Байғосыновқа табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы жүктелді. Оның орнына - Бесқарағай ауданының әкімі болып «Ертіс» ӘКК басқарма төрағасы Нұрлан Садықов тағайындалды.
Сондай-ақ, осы уақытқа дейін Зайсан ауданына жетекшілік етіп келген Серік Зайнулдин Үржар ауданы әкімі болды. Ал Зайсан ауданын Алмас Оңдақанов басқарады. Ол бұған дейін ШҚО энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы қызметін арқалады.
Семей қаласы әкімінің орынбасары Нұрбол Нұрғалиевке Аягөз ауданы сеніп тапсырылды. Ал ауданның бұған дейінгі әкімі Әнуарбек Мұхтарханов Жарма ауданы әкімі қызметіне тағайындалды.
Одан бөлек, «Шығыс су шаруашылығы» РМК аумақтық бөлімшесінің бастығы Ділдәбек Оразбаев Тарбағатай ауданын басқаратын болды.
Қатон-Қарағай ауданының әкімі де ауысты. Аталмыш лауазым бұған дейін ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетінің аймақаралық департаменті бастығының орынбасары Дәурен Тілеубаевқа бұйырды. Күршім ауданының әкімі қызметіне бұған дейін аталмыш аудан әкімінің міндетін атқарған Алтайбек Сейітов тағайындалды.