ШҚО әкімі облыс орталығының халқымен бірнеше кездесу өткізеді
13:00, 16 Тамыз 2010
ӨСКЕМЕН. Тамыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев дүйсенбі және сейсенбі күндері облыс орталығы - Өскемен қаласының тұрғындарымен кездесу өткізеді.
Алғашқы кездесу бүгін Жаңа Сөгір және Меновной кентінің халқымен өтсе, ал ертең, тамыздың 17-сі күні Бердібек Сапарбаев Жібек мата комбинаты шағын ауданының тұрғындары мен қаланың орталық ауданының халқымен кездеседі. Құқық қорғау органдары мен қалалық, облыстық қазыналық органдарының басшылары да облыс әкімімен бірге халықпен кездеседі.