ШҚО әкімі Ольга Рыпаковаға сыйлық табыс етті
20:00, 18 Қазан 2012
ӨСКЕМЕН. 18 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Өскеменде ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің пленарлық көшпелі отырысының барысында ШҚО-ның әкімі Бердібек Сапарбаев олимпиада чемпионы Ольга Рыпаковаға ақшалай сыйлық - 50 мың доллар мен атаулы сертификат табыс етті.
Ақшалай сыйлық пен сертификат «Қазақстан барысы» қазақ күресі бойынша ұлттық турнирдің күміс жүлдегері Шалқар Жоламановқа да берілді.
Облыс әкімі өзінің құттықтау сөзінде кеңейтілген кеңестің қатысушыларына келер жылды Жастар жылы деп атауды ұсынып, кеңеске шығысқазақстандықтардың бұл ұсынысын қарастыруды ұсынды. Шығыс Қазақстан облысының бұл бастамасын жиналған дүйім жұрт қолшапалақтаумен қабыл алды.