14:16, 19 Наурыз 2009
ШҚО әкімі Шемонаиха ауданы тұрғындарын мемлекеттің көрсеткен көмегін тиімді пайдалануға шақырды
АСТАНА. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Шемонаиха ауданына жасаған жұмыс сапары барысында «Камышин» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мал шаруашылығы кешенін қарады және ауылдық дәрігерлік амбулаторияда болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шаруашылық шатырды өз күшімен жөндеген, қаржылық көмек көрсетілуде. Бердібек Сапарбаев агрофирма басшылығына бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бағдарламасы бойынша ауылдық дәрігерлік амбулаториясының жаңа үйін салу туралы ойластыруды ұсынды. Әкім аудандық аурухананы да қарап шықты. Оның пікірінше, құрал-жабдықтар мен медицина бірлестігінің жай-күйі жақсартуды қажет етеді. 13 дәрігер және 16 мұғалім жетіспейді. Аймақ басшысы облыс орталығының айналасында азық-түлік белдеуін құру бойынша ауданда жүргізіліп отырған жұмыстарға көңіл бөлді. Ол сүт өңдеумен айналысатын «Исток 1» ЖШС мен ет өнімдерін шығаратын «Арарат» ЖШС-да болды. Бердібек Сапарбаев кәсіпкерлерге өз өнімдерін Өскеменге шығаруды және алыпсатарларды айналып өтіп тікелей сатуды ұсынды. Президенттің «Дағдарыстан ? дамуға» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылау бойынша Шемонаиха ауданының активінде облыс әкімі алда тұрған міндеттерді айқындады. Маңызды мәселе ? азық-түлік өнімдерінің бағалары халық үшін қолайлы болуы тиіс. Азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін ауданда барлық жағдай бар. Ауылдықтар егіс егуді, мал басын арттыруы керек. Мемлекет бөлген субсидияларды көзін тауып және тиімді пайдаланған жөн. «Ауданның резервтері толық көлемде пайдаланылмай отыр, ширақ жұмыс істеу керек», ? деп атап көрсетті Бердібек Сапарбаев.