ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Алмасхан Сматлаев қызметінен босатылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат –Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болған Алмасхан Сматлаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңір әкімдігіне сілтеме жасап.

Фото: gov.kz

Алмасхан Бауыржанұлы 1989 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Ресей Федерациясының Үкіметі жанындағы Қаржы университетін және Блумберг университетін (Пенсильвания, АҚШ) тәмәмдаған.

«Экономика», «халықаралық экономика», «қаржы және кредит» мамандықтары бойынша төрт жоғары білімі бар. Сонымен қатар «мемлекеттік және муниципалдық басқару» магистрі дәрежесіне ие.

2009-2011 жылдары - «Корал Групп» компаниясы бас директорының орынбасары болып қызмет етті.

2011-2012 жылдары - «Сервис и Технологии ИНВЕСТ» компаниясының бас директоры.

2012-2014 жылдары - Еуразиялық экономикалық комиссиясында кеңесші.

2014 жылдан ШҚО әкімі аппаратында жұмыс істеген, Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасын басқарды.

2018-2020 жылдары ШҚО әкімінің экономика және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары болып қызмет етті.

2020 жылдың сәуір айынан осы уақытқа дейін ШҚО әкімінің бірінші орынбасары болды.