ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

Фото: instagram.com/zhaksylyk_omar

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM - Өскеменде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сот үкімі шықты.

Бүгін Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сот процесі аяқталды.

Сот шешімімен айыпталушы ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 1, 2-тармақтары (ірі мөлшердегі алаяқтық), 366-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы (ірі мөлшерде пара алу) кінәлі деп танылды.

- Сотталушыға 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ оның мүлкі, яғни Toyota Camry автокөлігі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды, - делінген сот үкімінде.

Жақсылық Омар өз жазасын қауіпсіздік деңгейі орташа түзету мекемесінде өтейді.

Еске салсақ, осыған дейін Прокурор ШҚО әкімінің бұрынғы орынбасары Жақсылық Омарды 6 жылға соттауды сұрағаны хабарланған