ШҚО: Алтай ауданында үйлерге қауіп төндірген карьер суы үздіксіз сорғызылуда

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстанда облысы Алтай ауданында үйлерге қауіп төндірген карьерден су тәулік бойы сорылуда. 

Фото: ШҚО әкімі баспасөз қызметі

Алтай ауданында сорғы станциясы тәулік бойы жұмыс істеуде.

Фото: ШҚО әкімі баспасөз қызметі

«Оқиға орнына облыс әкімі Ермек Көшербаев келді. Аудандағы кен орнының жұмысы тоқтатылғаннан кейін, карьерде су жиналып, шағын көл пайда болған. Су мөлшері қауіпті деңгейден асқаннан кейін сол маңдағы елді мекендердегі үйлерге су кірмес үшін сорғы станциясы іске қосылып, артық суды ағызуда. Жалпы қазіргі су тасқыны кезеңі басталғалы сорғы станциясы үздіксіз жұмыс істеп тұр», - деп хабарлады ШҚО әкімінің баспасөз қызметінен.

Бұдан бөлек жергілікті әкімдік бөгет салып, су өткізгіш құбыр орнатқан. Алдағы уақытта қосымша станция салу немесе су өткізуші жер асты канал салу жұмысы ойластырылмақ.

Фото: ШҚО әкімі баспасөз қызметі

Айта кетейік, бұрынғы кен орнындағы қалдық және артық суды шығарып отырған сорғы станциясы 2010 жылы іске қосылған.