ШҚО атқарушы билік өкілдері мен кәсіпкерлері облыс журналистерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

None
СКЕМЕН. Маусымның 28-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Облыс басшылығы салалық департаменттермен бірлесе отырып, Журналистер күні қарсаңында БАҚ өкілдерін төл мерекелерімен құттықтады. Журналистердің жыл сайынғы форумында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев аймақтың журналистика саласын дамытуға қосқан үлестері үшін оларға дипломдар табыс етті.

Биылғы жылы облыс әкімінің сыйлығына зауыттық және аудандық газеттердің тілшілері ие болды. Дипломдардан бөлек облыс әкімі журналистерге грамоталар мен құттықтау хаттарын да табыстады.

Айта кетерлігі, журналистердің биылғы форумы «Бірлігіміз жарасқан!» ұранымен өткізілді.