ШҚО ауылдарына 100-ге жуық дәрігер жетіспейді

Фото: Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысындағы ауылдарда дәрігер тапшылығы мәселесі өткір болып тұр. 

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, бүгінде облыс бойынша 152 дәрігер тапшы. Оның ішінде Өскеменге – 52, Риддерге – 10, Серебрянск қаласына 15 дәрігер қажет.

- Аудандар бойынша айтар болсақ, Алтайда 28, Шемонаихада 10, Глубокое, Катонқарағай, Үлкен Нарын, Самар, Ұлан, Тарбағатай және Марқакөл аудандарына 7 дәрігерден керек. Ауылдарда жалпы тәжірибелік дәрігер, акушер-гинеколог, кардиолог, невропатолог, офтальмолог, педиатр, терапевт, анестезиолог-реаниматолог, клиникалық фармаколог, хирург және нейрохирург тапшылығы сезілуде, - делінген ақпаратта.

2024 жылы облыстағы 15 дәрігерге 8,5 млн теңге көлемінде біржолғы төлем, 100 АЕК көлемінде көтерме жәрдемақы төленіп, баспанамен қамтамасыз етілді.

- Сондай-ақ былтыр 44 маман Израиль, Ресей, Германия және Латвия елдерінің жетекші шетелдік клиникаларында біліктілік арттырып келді. Биыл тағы 70 дәрігерді шетелде оқыту жоспарланған, - делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Оралда тіркелмеген жабдық үшін медицина орталығына жарты млн теңге айыппұл салынғаны хабарланған.