Облыс бойынша «Қауіпті нысандар картасы» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы өңір прокуратурасы мәлімдеді.
Бағдарламаның негізгі мақсаты — балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қауіпті нысандарға, атап айтқанда иесіз қалған ғимараттар мен құрылыс алаңдарына кіру мүмкіндігін шектеу арқылы жазатайым оқиғалардың алдын алу.
— Жоба аясында осындай нысандарды анықтау, оларды тиісті деңгейде қоршау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ нысандарды жою және қауіпсіз жағдайға келтіру шаралары қабылданып жатыр. Жалпы аймақ бойынша 643 қауіпті нысан анықталды. Бүгінде оның 462-сі жойылды. Прокуратура қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдар бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастырып жатыр, — деп хабарлады облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Еске салсақ, осыған дейін Қызылордада бала денсаулығына қауіпті ойыншықтар анықталғаны хабарланған.