ШҚО аумағындағы «Өскемен-Зырян» автожолына қар көшкіні түсті
09:35, 12 Наурыз 2011
АСТАНА. 12 наурыз. ҚазАқпарат - Кеше Шығыс Қазақстан облысында «Өскемен-Зырян» автожолының 60-шы шақырымында өздігінен қар көшкіні түсті.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім еткендей, түскен қардың көлемі 400 текше метрді құрады. Көшкін шығын келтірген жоқ.
Автожолдың 61-ші шақырымында осы күні сондай-ақ профилактикалық мақсатта 4 рет қар көшкіні түсірілді. Оның жалпы көлемі 25 000 текше метрді құрады. Қазір күре жолдың бойы толығымен қардан тазартылды.