Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы қолайсыз ауа райына байланысты автокөліктің барлық түрлері үшін бүгін мына жолдарда шектеу қойылды:
сағат 14.50-ден бастап "Өскемен-Шемонайха-РФ шекара" жолының 105-123 шақырымындағы «Шемонайха-РФ шекара аралығында» ;
сағат 16.15-тен бастап "Өскемен-Шемонайха-РФ.шекара" жолының 36-105 шақырымындағы «Предгорное-Шемонайха» аралығы;
сағат 17.00-ден бастап "Семей-Новоалтайский-РФ.шекарасы" 2-113 шақырымы аралығы;
сағат 17.00-ден бастап "Семей-Қайнар" 8-284 шақырымы аралығы;
сағат 17.00-ден бастап "Алматы-Өскемен" 977-1075 шақырымындағы «Қалбатау а.-Қ.Қайсенов а» аралығы;
сағат 17.15-тен бастап "Өскемен-Семей" 9-198 шақыоымындағы «Герасимовка а.-Семей қ.» аралығы.
Ал Павлодар облысында бүгін сағат 13.00-ден бастап "Ульяновск-Баянауыл-Қалқаман" жолының 93-324 шақырымындағы «Қарағанды обл.шекара-Қалқаман қ.аралығында» жол жабылды.
Аталған жолдарда автокөліктердің үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақавтожол» РМК-ның ЖПБ (Жол пайдалану бөлімшесі) арнайы қар тазалау техникалары кезекшілікке шықты.
«Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді: Астана қаласында 8 (7172) 444-777 телефоны арқылы мәлімет алуға болады.