«Егер бұрын дәптерді сатып алу міндетті болса, биыл оны бұйрықтан толығымен алып тастады. Дәптерлер оқу кезінде қосымша немесе көмекші құрал ретінде қолданылады. Міне, сондықтан, мектептер ата-аналарды дәптер сатып алуға міндеттемеуі керектігін атап өткім келеді», - деді ШҚО білім басқармасының басшысы.
Баспасөз мәслихатында Сайрангүл Жұмаділова аймақтың жаңа оқу жылына дайындығы туралы да айтып берді. Оның хабарлауынша, білім берудің жаңартылған мазмұнына сәйкес, өңір мұғалімдерінің 80 пайызы қазірдің өзінде арнайы даярлықтан өтіп, қалған 20 пайызы 2020 жылға дейін курстан өтуі керек.
Мектепке дейінгі мекемелер туралы сөз қозғаған ведомство басшысы жыл соңына қарай облыстың барлық балабақшаларына жолдаманы автоматты түрде алуға болатынын айтты. Бұл жемқорлыққа қатысты мүмкіндіктерді түбірімен жоймақ.
Қазіргі уақытта балабақшаларда автоматты түрде жолдама беру жүйесі Өскемен, Семей, Курчатов және Риддер қалаларында жүзеге асырылып жатыр.