Еске сала кетейік, 29 шілде күні 1982 жылы туған және 1999 жылғы екі жігіт Қара Ертіс өзеніне батып бара жатқан баланы құтқармақ болып, өздері де суға батып кеткен болатын. Сол күннен бері полицейлер мен жергілікті тұрғындар барын салып олардың денесін іздеуге кіріскен. 2011 жылы туған баланың денесі 1 тамыз күні табылды, ал жігіттерден хабар болмаған.
Кеше суға кеткендерді іздеуге полиция қызметкерлерімен қоса 60 жергілікті тұрғын шыққан. Ер адамның денесі табылды, ал 1999 жылғы жігітті іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр.