ШҚО Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізілді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушы 2021 жылғы 30 қаңтардағы №3 қаулысына келесі өзгерістер енгізілді.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды .

«Шығыс Қазақстан облысының аумағында шектеу шаралары 2021 жылғы 14 ақпаннан 27 ақпанға дейін ұзартылады;

мешіттерде адам саны 30%-ға дейін болғанда, бірақ 100 адамнан аспаған кезде намаз оқуға (бес намаз), ұжымдасып құлшылық етуге рұқсат берілген. Сондай-ақ, сыйымдылығы 150 адамға дейін, толтырылуы 25%-дан аспайтын ауылдық жерлерде орналасқан мешіттерде ғана жұма намаз өткізуге рұқсат берілген;

облыс тұрғындары маска режимін ұстануды жалғастыру қажет. Қаулыда медициналық немесе матадан тігілген маскаларды дұрыс кию талаптары нақты көрсетілген: маска мұрынды, ауызды және иекті жауып, шеттері бетке тығыз жанасуы және бекітілуі тиіс;

қайта әлеуметтендіру және бейімдеу орталықтарына, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарына мәжбүрлеп емдеуге түсетін, тұрғылықты жері жоқ адамдар COVID-19-ға ПТР әдісімен зертханалық тексерулерден өтетін болады»,-делінген хабарламада.