ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, облыстағы кейбір қала, ауданда екінші ауысымдағы оқушылар аязға байланысты үйден білім алады.
«Атап айтқанда Алтай, Глубокое, Самар, Катонқарағай, Күршім аудандарында 1-11 сынып, Риддер қаласында 1-ден 9-ға дейінгі, Өскеменде 1-4 сынып оқушылары қашықтан білім алады. Ал Тарбағатай ауданы бойынша балалар 28 мектепте онлайн, 1 мектепте штаттық режимде оқиды», - делінген ақпаратта.
Еске салсақ, бүгін таңертең Өскеменде мектеп оқушылары қашықтан оқығаны хабарланған болатын.
Ашық көздерден алынған фото