«Олар лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны және кенді салмақ параметрлерінен асыра тасымалдау жолымен кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысқаны үшін кінәлі деп танылды, бұл мемлекетке 63 млн теңге сомасында залал келтіруге әкеп соқты», — деп жазды Антикордан.
Сот үкімімен Б.Нұралиев пен А.Тұрақбаевқа мемлекеттік қызметте лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 және 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енді.