Шахматтың осы нұсқасының авторы - Александр Кочергин. Оның айтуынша,іс-шара 100 клеткалы шахматты халыққа кеңінен насихаттау болып табылады. Ойынғабасқа фигуралармен бірге, ханзада мен ханшайымды енгізу әр шахматшының терең ойлап барып, қадам жасауына негізделеді.
«Мұндай тәсіл ойынды одан ары шиеленістіре түседі. Себебі бір жағынан ханзаданыңізін аңду керек, сондай-ақ корольдің де соңынан түсу керек болады. Қазір әлемде100 клеткалы шахматтың 27 түрі бар. Соның ішінде біреуі менің нұсқам болыптабылады. Менің нұсқамның ерекшелігі - классикалық шахматқа толықтай бағынған,- деді әлемдік 100 клеткалы шахматтың бір нұсқасының авторы.
Айта кетсек, жарыс басталар алдында Александр Кочергин барлық қатысушыларға шеберлік сағатын өткізген болатын. 100 клеткалы шахматты алғаш ойнағалы тұрған қатысушыларға ойын ережесі мен ерекшелігі түсіндірілді.