ШҚО-да 113 жедел жәрдем көлігі сатып алынбақ

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында биыл 113 жедел жәрдем көлігі сатып алынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Владимир Лидің айтуынша, жаңа көліктер толықтай жабдықталады. Бұл көліктердің басым бөлігі Өскемен қаласындағы Жедел жәрдем станциясына берілмек.

«Осы орайда жуық арада тендер өткізіледі. Алғашқы жедел жәрдем көліктерін мамыр айында сатып алу жоспарланып отыр», - дейді ол.