ШҚО-да 117 мың адамның еңбекақысы өседі

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов халықпен жүздесуінде еңбекақысы төмен жұмысшылардың табысын арттыру мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы уақытта Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының ғимаратында аймақ әкімі жұртшылық алдында есеп беруде.

Ол баяндамасын еңбекақы мәселесінен бастады. «Елбасы тапсырмасына сәйкес, былтырдан бері шығыстағы 34 ірі және шағын кәсіпорында 36 мың адамның жалақысы өсті. Жыл басынан бері бюджеттік салада жұмыс істейтін 38 мың қызметкердің айлығы орта есеппен 35 пайызға жоғарылады» - деді Даниал Ахметов.

Өңір басшысының айтуынша, алдағы уақытта ШҚО-дағы еңбекақы өсімі жалпы саны 117 мың адамды қамтитын болады.