ШҚО-да 13 балықшы жауапқа тартылды

Фото: Фото: ТЖМ

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Шығыс Қазақстан облысында мұздағы қауіпсіздік ережесін сақтамаған 13 балықшы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Өңір құтқарушылары су айдындарындағы қауіпсіздік шараларының сақталуын қамтамасыз ету және қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін рейдтерге шығып жатыр.

Қыс мезгілінің басынан бері барлығы 300-ден астам рейд өткізілді. Соның барысында балықшыларға мұздағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, жадынамалар таратылды. 

— ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабын бұзғаны 13 балықшы және баласын мұз үстінде қараусыз қалдырған 1 ата-ана жауапқа тартылды. Осы ретте, тұрғындардан қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды сұраймыз. Мұзға шыққанда құтқару кеудешелерін киюді ұмытпаңыз. Ата-аналар балаларын еш уақытта жалғыз жібермеуі тиіс. Су қоймалары балалар үшін үшін ойнайтын жер емес, — дейді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Исхар Савазов.

Еске салсақ, осыған дейін Балқаш көлінде жоғалып кеткен балықшылар табылғаны хабарланған.