Өскемен қалалық №2 сотында ҚР Қылмыстық Кодексінің 335-бабы (заңсыз балық аулау) бойынша сот ісі қаралды. Ер адам Күршім ауданындағы Ертіс өзенінен заңда тыйым салынған торды пайдаланып, 130,85 келі тұқы балығын аулаған.
Осының салдарынан мемлекетке 880 293 теңге материалдық залал келтірілді. Сотталушы өз кінәсін толықтай мойындап, соттан бас бостандығынан айырмауды сұраған.
«Сот шешімімен кінәлі деп танылған айыпталушыға бір жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сондай-ақ ол бес жыл мерзімге балық аулау құқығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ», - делінген ақпаратта.