ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қайғылы оқиға кеше Первомайка ауылында болған.
15 жастағы жасөспірім үш досымен бірге Комсомол су қоймасына шомылуға келген.
Тереңге сүңгіп кеткен ол қайта жүзіп шыға алмады.
«Батып бара жатқан бозбаланың достары абдырап, көмекке ата-аналарын шақыру үшін үйлеріне қарай жүгірген. Мұны естіген ересектер бірден полицияға хабарласты», - делінген хабарламада.
Оқиға орнына келіп жеткен учаскелік полиция инспекторы жасөспірімнің денесін тапты.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.