ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша былтырғы күзден бері 185 099 адам ЖРВИ-мен ауырды.
- Науқастар саны алдыңғы жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 6 пайызға өскен. Десе де сырқаттану көрсеткіші ұзақ мерзімді статистикалық деректер бойынша жасалған бақылау деңгейінен аспады. ЖРВИ-мен ауырғандардың ең көбі Өскемен қаласында (97 828 адам). Екінші орында Глубокое ауданы, үшінші орында Алтай қаласы тұр. Ауыл Марқакөл ауданында аталған инфекцияға шалдыққандар саны ең аз, - делінген ақпаратта.
Сондай-ақ Шығыс Қазақстанда тұмаудың зертханалық расталған 43 жағдайы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 есеге аз.
Еске салсақ, бұған дейін СҚО-да тұмаудың төрт түрі тарағаны хабарланған.