ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде COVID-19 инфекциясына қарсы америкалық Pfizer вакцинасын салдыру науқаны жалғасуда.
«Бүгінгі таңда Pfizer вакцинасын алатындар санатындағы халықты иммундау жұмыстары қарқынды жүруде. Аймақ бойынша аталған екпені 186 мыңнан астам адам салдырды. Оның ішінде 12-18 жас аралығындағы 161 820 бала бар. Оларды вакциналау тек ата-анасының рұқсатымен жүргізілуде. Сондай-ақ 24 мыңнан астам жүкті және бала емізетін әйел екпе алған, - делінген ақпаратта.
Бұдан бөлек, 60 жастан асқандар мен медицина қызметкерлері Pfizer-мен ревакцинациядан өтуде. Қазірде облыста 4672 қарт және 864 дәрігер екпенің үшінші компонентін салдырған.