ШҚО-да 2 мыңнан астам адамды кене шақты

Фото: Фото: pixabay

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында кене шаққандардың ішінде 30 пайызға жуығы – балалар. 

Өңірде кене шағуы салдарынан медициналық көмекке жүгінгендердің саны күн өткен сайын артып келеді.

— Сәуір айынан бастап осы күнге дейін 2300-ден астам адамды кене жақты. Олардың ішінде 14 жасқа дейінгі балалардың үлесі — 28 пайыз. Кенеден зардап шеккендердің басым бөлігіне алдын алу шаралары көрсетіліп, соның ішінде вакцинация да жүргізілген, — дейді ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қанат Тұрдиев.

Бүгінгі таңда кене арқылы жұғатын ауруларға шалдыққандар болған жоқ.

— Кенеге қарсы иммуноглобулин эндемиялық аймақтардағы барлық медициналық ұйымда жеткілікті мөлшерде бар. Облыс тұрғындарына кенелердің адам өміріне қауіпті бірқатар инфекцияны тасымалдайтынын ескертеміз. Олардың қатарына кене энцефалиті, кене риккетсиозы, боррелиоз (Лайм ауруы) жатады. Сонымен қатар кене шағуы созылмалы аурулардың асқынуына және аллергиялық реакцияларға себеп болуы мүмкін, — дейді Қанат Тұрдиев.

Еске салсақ, осыған дейін Ақтөбеде 50-ден астам адамды кене шағып, дәрігерге қаралғаны хабарланған