ШҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Соловьево ауылында түнгі уақытта су деңгейі көтеріліп, 24 үйді су басу қаупі төнген. Оқиға орнына жедел облыс әкімі Ермек Көшербаев келіп, жағдаймен танысты.
«Әкім жағалауды бөгеу және еріген қар суын бұру жұмыстарымен айналысып жатқан мамандармен және тұрғындармен кездесті. Тұрғындар эвакуациялаудан бас тартып, уақытша туыстарының үйіне орналасты. Екі күн қатарынан толассыз жауған жаңбыр себебінен көтерілген су деңгейі қазірде 10-15 см-ге түсті», - делінген ақпаратта.
Оқиға орнында жергілікті атқарушы орган, Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары кезекшілік ұйымдастырды. Сондай-ақ полиция бекеті жұмыс істеп тұр.