ШҚО-да 200 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - 200 шығысқазақстандық із-түзсіз жоғалғандар тізімінде тұр.

Бүгінгі күні бұл адамдардың орналасқан жері белгісіз, оларды іздестіру жұмыстары ұзақ жылдар бойы жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Адамдардың ең көп жоғалу оқиғалары қай жылы тіркелген?», деген сұраққа жергілікті полицейлер «бұл - соңғы жылдары жоғалған адамдардың жалпы саны. Бірақ олар іздестірілуде», деген жауап қайырды.

Полициядан атап өткендей, егер егде жастағы адам есін жоғалтқан болса, психикалық жағдайы бұзылған немесе ол алкогольді, токсикологиялық тәуелділікке түскен болса - оны іздеп табу мүмкін емес деуге болады.  Онымен бір мезгілде, еліміз аумағында қылмыстар жасағаны үшін халықаралық іздеуге жарияланған 220 шығысқазақстандық белсенді іздестірілуде.