ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында соңғы жылдары денсаулық сақтау саласына 159 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аймақ басшысы Даниал Ахметовтің айтуынша, облыста диагностика жасау арқылы түрлі ауруларды ерте анықтау көрсеткіші едәуір өскен. Роботохирургия орталығы мен гибридтік операциялық орталық жұмыс істеп, бірегей операциялар мен органдарды ауыстыру оталары жасалып жатыр.
Өңірде денсаулық сақтау саласын дамыту бағдарламасы ары қарай жалғасады. Соңғы жылдары бұл салаға 159 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген.
«Облыс бойынша 216 су жаңа жедел жәрдем автокөлігі сатып алынды. Бұл республикадағы ең жоғары көрсеткіш», - деді Даниал Ахметов.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.