Өскемен қаласының тағы бір құтқарушылар тобы ертең Зырянов ауданына жөнелтіледі.
Аймақтағы жағдай бақылауға алынды. Әзірге аймақта құтқарушылар оқиға орнына барып мотосорғы арқылы суды шығаруда. Мұндай жағдай бірлі-жарым рет қана тіркелді. Дегенмен тұрғындар ауладағы қарды шығарып, арықтарды қоқыстан тазартқан жағдайда осындай оқиға болмас та еді.
Өңірде су басудың алдын алу шаралары уақытында атқарыла бастады.
ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыста 35 учаскеде су басу қаупі бар. Ғарыштан қардың еруі бақылануда, тоған мен бөгеттердің жағдайын назарда ұстау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.