Тарбағатай ауданында 27 бас ірі қараны тиеп әкеткен ұры қолға түсті. Тұтас бір табынды жайылымнан тиеп әкеткен баукеспе Маңырақ ауылынан шыға берісте полиция қызметкерлеріне тұтылған. КамАЗ көлігінің жүргізушісінде әкетіп бара жатқан малға тиесілі құжаттар болмай шыққан. Кейін ұрланған малдың иесі табылды. Материалдық шығын мөлшері 8 млн теңгеге бағаланды.
«Соғым жақындаған сайын мал ұрлығы өршиді. Бұл жылда қайталанады. Биыл да осы кезеңдегі жедел-алдын алу шараларын күшейттік. Нәтижесін беріп жатыр. Малдың көбі жайылымда қараусыз қалған жерінен ұрланады. Сондықтан, күз айларында мал иелеріне де сақтықты күшейту қажет» - дейді облыстық Полиция департаментінің мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы Әйгерім Нұрғазина.