деп хабарлады ҚР ТЖМ Қазгидрометке сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Маңғыстау облыстарында, күндіз Ақтөбе облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Қызылорда және Атырау облыстарында секундына 15-20 метр күшті жел тұрып, дауыл көтеріледі
Түнде Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында 0-ден 3 градусқа дейін күн суытады, күндіз кейбір жерлерде 15-20 метрлік екпінде жел соғады.
Солтүсік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түседі. Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында және орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Таяудағы тәуліктерде Қазақстанның өзендерінде елеулі өзгерістер болмайды.