ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 2-маусым күні Ұлан ауданында болған.
– Жанұзақ ауылындағы Ұлан өзенінде 3 жасар бала суға батып кетті. Алдын ала болжам бойынша бала ата-анасының қарауынсыз қалған, - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Осы ретте, облыстық ТЖД мамандары ата-аналардан жағалауда, суда балаларын қараусыз қалдырмауды, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.
– Су айдындарында балалардың ойнауына жол бермеу керек. Төтенше жағдай кезінде бірден 112 нөмеріне хабарласыңыздар, - делінген ақпаратта.
Еске салсақ, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысында алдағы шомылу маусымында 74 учаскеде суға түсуге тыйым салынғаны хабарланған.