ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 3 жасар бала екінші қабаттағы терезеден құлап кетіп, аман қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 6 тамыз күні Риддер қаласында орын алған.
«Бүлдіршінді қарайлап үйде отырған ағасы бірнеше секундқа басқаға айналып қалғанда, қыз бала далаға қараймын деп терезеге жүгіре жөнелген. Сол кезде терезеге орнатылған москит торы үзіліп, құлап кеткен. Абырой болғанда, бала аман қалды. Осы ретте, ата-аналарға барынша абай болу керектігін ескертеміз», - делінген ведомство мәліметінде.
Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде 7 бала терезеден құлаған.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.