ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласында 3 жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 26 маусымда Алтай қаласындағы Қаюпов көшесінда болған.
«2018 жылғы бала москит торына сүйеніп тұрғанда терезеден құлап кетті. Бұл уақытта оның ата-анасы басқа бөлмеде отырған. Қыз бала ауыр халде ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Осы ретте, департамент өкілдері бала терезеден құлап кетпес үшін москит торына сенбеуге кеңес берді. Бұндай тор бүлдіршіндерді құлап кетуден мүлде қорғамайды.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.