ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде COVID-19 инфекциясына қарсы америкалық Pfizer вакцинасын салдыру науқаны жалғасуда.
«Аймақ бойынша аталған екпенің бірінші компонентін 105 354 адам салдырды. Оның ішінде 12-18 жас аралығындағы 93 152 бала бар. Оларды вакциналау тек ата-анасының рұқсатымен жүргізілуде. Сондай-ақ 3521 жүкті және 8681 бала емізетін әйел екпе алды», - делінген ақпаратта.
Бұдан бөлек, облыста 60 жастан асқан қарттар мен медицина қызметкерлері Pfizer екпесімен ревакцинациядан өтуде. Қазір осы санаттағы 14 296 адам үшінші рет вакцина алып отыр.