Халқының саны азайып кеткеніне байланысты Волчиха және Красная Заря ауылдары көшеге теңестірілді. Қазір Волчихада 34 тұрғын қалса, Красная Заря ауылында 40 адам ғана бар.
Бұрынгы ауыл тұрғындардың айтуынша, осыдан 30 жыл бұрын бұл елді мекендердің әрқайсында 50-60 отбасы болған екен. Енді оңтайланған елді мекендер іргелес жатқан ауылдарға біріктіріліп, географиялық бөлініс бойынша көше деп аталатын болды. Осылайша Волчиха ауылы 25 шақырым қашықтықта жатқан Кіші Уба ауылының көшесі болып тіркелсе, Красная Заря 3,5 шақырымдағы Березовка ауылының құрамына кірді.
«Елді мекендердің мәртебесі өзгергенімен, әлеуметтік-экономикалық дамуы өзгермейді. Екі ауылдың бірінде 3, екіншісінде 2 ғана оқушы бар. Олар бұған дейін де көрші ауылдан автобуспен қатынап келген. Солай бола береді де. Дәрі-дәрмекпен қамту, құжат рәсімдеу сияқты шаруалар онсыз да көрші ауыл арқылы жүзеге асатын. Қыста жолдарды қардан тазалап тұруға да қаржы бөлінетін болады, - дейді Глубюокое аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Светлана Большакова.