ҚР ТЖМ-нің хабарлауынша зардап шеккендер жоқ.
Осы аймақтағы Жарма ауданында аудандық ТЖБ күшімен 21 адам, қар басып қалған 3 жеңіл машина шығарылып, Қалбатауға жеткізілді. Ал 5 жеңіл машина мен бір жүк көлігі, 2 жүргізуші жолда қалды. Екі ДЭУ техникасы жолды тазартып жатыр. Зардап шеккендер жоқ.