Өскемен, Семей және Үшарал гарнизондарының әскери полиция жасақтарының мүшелері, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскерилері және Ұлттық ұлан сарбаздары бірлесіп өңірдегі қоғамдық орындарды патрульдеп жүр.
«Қазірде «Шығыс» ӨҚ-дан жалпы саны 650 әскери қызметкер және 55 әскери полиция өкілдері жұмысқа тартылған. Бірлескен патрульдеуге әскерилерді іріктеу барысында моральдық-психологиялық жағдайға, қызмет ету кезіндегі іс-қимыл тәртібін білуіне баса мән берілді» делінген «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің мәліметінде.
Естеріңізге сала кетсек, Өскемен мен Семей қалаларында 2 сәуірден бастап қосымша шектеу енгізілген. Бүгінде тұрғындар үйден тек рұқсат қағазы арқылы шыға алады.
Қоғамдық тәртіпті сақтау шаралары күшейтіліп, Өскемен - 200, Семей - 202 шаршы аумаққа бөлінген.