ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша америкалық Pfizer вакцинасының бірінші компонентін 105 182 адам алды.
«Ал екінші компонентін 97 247 тұрғын салдырған. Оның ішінде 87 663 бала, 2 164 жүкті және 7 418 бала емізетін әйел бар. Вакциналанған адамдарда жағымсыз реакциялар тіркелмеген», - делінген ақпаратта.
Эпидемиологтар мен иммунологтардың пікірінше, ревакцинация екінші екпені алған күннен бастап 6 айдан кейін «омикрон» штамынан қорғануға көмектеседі.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, облыста 440 мыңға жуық азамат коронавирусқа қарсы ревакцинациядан өтті. Иммундық жүйені нығайтатын ревакцинация QazVac, VeroCell, Спутник Лайт екпелерімен жүргізілуде.