ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында Абай атындағы саябақ салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Биыл ұлы ақынның 175 жылдығы аясында Катонқарағай ауданында бірқатар шаралар қолға алынбақ. Соның ішіндегі ең ауқымдысы – Абай атындағы саябақ құрылысы болып отыр.
«Қазақтың бас ақынын ұлықтап, өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында Үлкен Нарын ауылында саябақ салынады. Бұл мақсатта 100 млн теңге қаражат қарастырылған» - дейді Катонқарағай ауданы әкімінің орынбасары Досымбек Тумашинов.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін елімізде Абайдың 175 жылдық мерейтойына қанша қаржы жұмсалатыны хабарланған болатын.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.