Хакімнің мерейтойы туған өлкесінде жаңа форматта аталып өтеді. Бұл жайлы бүгінгі облыс әкімдігінің кезекті отырысында аймақ басшысы Даниал Ахметов айтты.
«Абайдың 175 жылдығында өңірімізде 560 іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Оның басым бөлігі зерттеу бағытындағы конференциялар мен мәдени шаралар. 24-і халықаралық деңгейде ұйымдастырылады. Сондай-ақ, Ресей, Түркия, Ұлыбритания, Польша, Қытай елдерінде де аталып өтеді», - дейді ол.
Аймақ басшысының айтуынша, Президент тапсырмасына сәйкес ысырапшылдыққа жол бермеу үшін мерейтойға бөлінген қаражат қайта қаралады.